АҚШ Венесуэла оппозиция лидеріне қолдауын қайталады

Америка Құрама Штаттары үкіметі Венесуэла оппозиция лидері Хуан Гуайдоны қолдайтынын қайталады.

1467429
АҚШ Венесуэла оппозиция лидеріне қолдауын қайталады

Америка Құрама Штаттары үкіметі Венесуэлада қазіргі мемлекет басшысы Николас Мадуро жасайтын барлық нәрсенің Вашингтон әкімшілігінің мемлекеттің заңды лидері ретінде Хуан Гуайдоны таныған шешімін өзгерте алмайтынын білдірді. 

АҚШ-тың Венесуэла істері жөніндегі арнайы өкілі Эллиот Абрамс АҚШ Сенаты шетел қарым-қатынастар комитеті сессиясында сөйлеген сөзінде Мадуроның  6 желтоқсанда ұйымдастыруды жоспарлаған сайлаудың Вашингтон әкімшілігінің тұғырын өзгертпейтінін баяндады.  

Абрамс Венесуэла Ұлттық Мәжілісінің басым көп сандыны қолында ұстаған оппозиция лидері  Гуайдо үшін "Біздің көзқарасымыз бойынша Венесуэланың атазаңға үйлесімді мемлекет басшысы бүгін де, 2021 жылы 5 қаңтардан кейін де Хуан Гуайдо болады" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар