Алдағы апталар өте қиын болады

Германия Денсаулық сақтау министрі хабарлады.

1763754
Алдағы апталар өте қиын болады

Германияда коронавирустың (Ковид-19) жаңа түрінің Омикрон штамына байланысты жан сақтау бөлімшелеріндегі толу деңгейі алаңдатарлық.

Алдағы апталар ел үшін өте қиын болады деп хабарланды.

Германия Денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербах Ковид-19 індетіне қатысты мәлімдеме жасады.

Үш доза вакцинаның аурудың ауыр болуынан айтқан Лаутербах реанимация бөлімдеріндегі жағдайдың алаңдатарлық екенін білдірді.

Реанимация бөлімшелерінен басқа, елдегі басқа бөлімшелерге де ауыр жүк түсуі мүмкін екенін білдірген Лаутербах кейбір бөлімшелер науқастарды қабылдай алмауы мүмкін екенін ескертті.

Лаутербах Германияда вакцинациялау міндеттемесін енгізуді қалайтынын қайталап, егу талабы қаңтар айының соңында Бундестагта талқыланатынын мәлімдеді.

Омикрон мутациясының көбірек жұқпалы екенін және бір-бірімен көп бас қосатын жастардың бұл штамнан көбірек зардап шегетініне назар аударған неміс министрі Омикронның соңғы мутациялық штамм болмайтынын айтты.

Ол алдағы апталардың Германия үшін өте қиын болатынын атап көрсетті.

«Қосымша қорғаныс болмаса, біздің халқымыз үлкен қауіпке ұшырауы мүмкін. Сондықтан вакцинадан басқа тығырықтан шығар жол жоқ» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар