Америкада бірінші рет мұсылман бір әйел бас прокурор болды
Пәкістанда туған Саиме Мохсин Мичиган штатының шығыс аймағының бас прокуроры ретінде тағайындалды.
1571467
Америка Құрама Штаттарында бірінші рет бір мигрант текті мұсылман әйел федералдық бас прокуратура міндетіне уәкіл ретінде тағайындалды.
Пәкістанда туған Саиме Мохсин Мичиган штатының шығыс аймағының бас прокуроры ретінде тағайындалды. Ол «Елде осы міндетке келген тұңғыш мұсылман әйел» деген атақпен тарихта қалады.
Мохсин «Заңдарды адалдықпен орындау және барша үшін әділет орнату миссиямызды орындауға мүдделімін» деді.
Міндетін 1 ақпан күні бастайтын 52 жасар Мохсин 2002 жылдан бері Нью-Джерси және Нью-Йорк бас прокурорының орынбасары болып қызмет атқарды.
Ұқсас жаңалықтар
Орталық Жерорта теңізінде 510 заңсыз мигрант қаза тапты
Осы жылдың басынан бері Орталық Жерорта теңізінде 510 заңсыз мигранттың қайтыс болғаны хабарланды.