Анализдері таза шыққан жолаушылар эвакуацияланды

Жапонияда коронавирус себепті карантинге алынған жолаушы кемесінен 500 шақты жолаушы эвакуацияланды.

1362489
Анализдері таза шыққан жолаушылар эвакуацияланды

Жапонияда жаңа тип коронавирус (Kovid-19) індетіне орай бас қала Токио маңындағы Йокогама портында 4 ақпан күні карантинге алынған «Diamond Princess» атты кемеде медициналық анализдері таза шыққан жолаушылардың кетуіне рұқсат берілді.

Киото Жапон ақпараттық хабар агенттігі  орын алған хабарға қарағанда вирус жайлы анализдері негатив шыққан 500 шақты жолаушы эвакуацияланды.

Жолаушылар жеке бақылауға алынған және тапсырған анализдері таза шыққан жолаушылардың кетуіне рұқсат берілді.

Кемедегі эвакуациялаудың 3 күнге созылуы күтіледі.

Жапонияның бас қаласы Токио маңындағы Йокогама портына аялдаған және 3 мың 500-ден астам адам бар жолаушы кемесі Гонконгтық бір жолаушыда «Kovid-19» анықталғаны соң 4 ақпан күні карантинге алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар