Асад күштері Идлибке шабуылды жалғастырып жатыр

Башар Асад әкімшілігінің Сирияның солтүстік батысындағы Идлиб уәлаятының оңтүстігіндегі таулы аймақтарға шабуылдары жалғасып жатыр.

1272104
Асад күштері Идлибке шабуылды жалғастырып жатыр

Башар Асад әкімшілігінің Сирияның солтүстік батысындағы Идлиб уәлаятының оңтүстігіндегі таулы аймақтарға шабуылдары жалғасып жатыр.

Асад режимі Идлиб пен Хама уәлаяттарындағы азаматтық елді мекендерге құрлықтан шабуылдарын жалғастыруда. 

Режим күштері Идлибтің оңтүстігіндегі көптеген ауылға күн бойы толассыз  зеңбірекпен шабуыл ұйымдастырды.  

Хаманың таулы аймағын да нысанаға алған режим күштері Сырмание мен Мансура ауылдарын зеңбірек атып, бомбалады. 

Түркия мен Ресей арасында 2018 жылы 17 қыркүйекте қол қойылған келісімнен бері Идлиб Дағдарысын азайту аймағында режим мен Ресейдің шабуылдарында 1300-ден астам бейуаз азамат қаза тапты.

Түркия шекарасына баспана тілеп көшкендердің саны бір миллион 42 мың адамға жетті.



Ұқсас жаңалықтар