Асад режиміне тиесілі ұшақтар шабуыл жасауда

Асад режиміне тиесілі ұшақтары тарапынан жасалған шабуылда 6 азамат қаза тапты.

1203648
Асад режиміне тиесілі ұшақтар шабуыл жасауда

Асад режиміне тиесілі ұшақтар шабуыл жасауда.

Асад режиміне тиесілі ұшақтар тарапынан жасалған шабуылда 6 азамат қаза тапты.

Сирияда Башар Асад режиміне тиесілі ұшақтары тарапынан «Идлиб дағдарысты азайту аймағы» шекарасы ішіндегі Марратиннуман ауданына ауызашар кезінде жасалған шабуылда 6 азамат қаза тапты, 15 адам жарақат алды.

Жергілікті қайнар көздерден алынған мағлұматтарға қарағанда Асад  режиміне тиесілі соғыс ұшақтары Идлибтің оңтүстік-шығысында Марратиннуман ауданы, Кеферрума қалашысы, Кеферзинже ауылы, Быдама қалашығы және Нажие ауылына әуе шабуылы ұйымдастырды. Шабуылда  6 азамат қаза тапты, 15 адам жарақат алды.

25 сәуір күнінен осы таңға дейін кем дегенде 151 адам ажал құшты, 405-ден астам адам жарақат алды.

 



Ұқсас жаңалықтар