Ауа ластығына байланысты барлық мектептерде екі күн сабақ болмайды

Ауа ластығы кейбір рейстердің де ауысуына себеп болды.

1272704
Ауа ластығына байланысты барлық мектептерде екі күн сабақ болмайды

Малайзияның оңтүстігі мен Индонезияның Суматра және Калимантан аралдарының солтүстігінде шыққан орман өрттерінен туындаған тұман және ауа ластығына байланысты елдің 4 аймағындағы барлық мектептерде екі күн сабақ болмайды.

Білім беру министрлігі ауа ластығы индексінің «денсаулыққа зиянды» деңгейіне көтерілгенін,  Куала Лумпур, Путражая және Селангор мен Пенанг штаттарындағы барлығы 1658 мектепте екі күн сабақ өткізілмейтінін хабарлады.

Кеше де осы себептен ел көлемінде 553 мектепте білім беру тоқтап қалған болатын.

Ауа ластығы кейбір рейстердің де ауысуына себеп болды.



Ұқсас жаңалықтар