Ауғанстанда жанкешті шабуылда 126 адам қаза тапты

Ауғанстанның Майдан Вардак уәлаятында Талибанның әскери базаға шабуылында 126 адам қаза тапты.

1129831
Ауғанстанда жанкешті шабуылда 126 адам қаза тапты

Майдан Вардак губернаторлығы мәлімдемешісі Абдулрахман Мангал 4 шабуылдаушының бірінің жанкешті екенін және үстіндегі бомбаны базаның кірісінде жарғанын, қалған шабуылдаушылармен қарулы қақтығыс шыққанын атап көрсетті.

Мангал шамамен 2 сағатқа жалғасқан қақтығыс нәтижесінде 3 шабуылдаушының залалсыздандырылғанын атап айтты.

Майдан Вардак қалалық ауруханасы бас дәрігері Салым Асгархил шабуылда 126 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар