Ауғанстандағы шабуылда 14 әскер қаза тапты

Талибан сарбаздары Ауғанстанның Пактия уәлаятындағы шекара жандармериясына шабуыл жасады.

1425622
Ауғанстандағы шабуылда 14 әскер қаза тапты

Талибан сарбаздары Ауғанстанның Пактия уәлаятындағы шекара жандармериясына шабуыл жасады. Қарулы шабуылда 14 әскер қаза тапты. 

Ауғанстан Қорғаныс министрлігі сарбаздардың Пактияның Данд-и Патан ауданындағы шекара жандармериясына қарулы шабуыл жасағанын мәлімдеді. 

Мәлімдемеде шабуылда 14 әскердің қаза тапқаны және  3 әскердің жарақат алғаны білдірілді. 

Шабуылдан кейін шыққан қақтығыста Талибанның да шығынға ұшырағаны баяндалды. 

Талибан осы тақырыпқа байланысты әлі бір мәлімдеме жасамады. 

 



Ұқсас жаңалықтар