Ауғанстандағы шабуылда 15 адам қаза тапты

Рахими шабуылда 15 адам қаза тапқанын және  66 адам жарақат алғанын мәлімдеді.

1272607
Ауғанстандағы шабуылда 15 адам қаза тапты

Ауғанстандағы шабуылда 15 адам қаза тапты.

Ауғанстанның Забул провинциясы орталығы Калат қаласындағы Ұлттық барлау ұйымы ғимараты алдында бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуылда 15 адам қаза тапты, 66 адам жарақат алды.

Қауіпсіздік басқармасы лауазым иелері шабуыл жасалған аймақтың қасында Забул ауруханасының болғанын мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігі мәлімдемешісі Насрат Рахими шабуылда 15 адам қаза тапқанын және  66 адам жарақат алғанын мәлімдеді.

Рахими қаза тапқан және жарақат алғандар санының артуынан алаңдағанын да атап өтті.

Шабуылды Талибан мойнына алды.

Талибан шабуылда көптеген қауіпсіздік және барлау ұйымы қызметкерлерінің өлтірілгенін пайымдады.

Енді бір жағынан Ауғанстанның шығысында жасақты ұшқышсыз әуе көлігімен ұйымдастырылған әуе шабуылында кем дегенде 30 адам ажал құшты.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар