Ауғанстандағы су тасқынында қаза тапқандар саны 70-ке жетті
Ұлттық апат агенттігінің баспасөз хатшысы Джанан Саек мәлімдеме жасады.
Ауғанстанның үлкен бөлігіне әсер еткен нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 70-ке, жараланғандар саны 56-ға жетті.
Ұлттық апат агенттігінің баспасөз хатшысы Джанан Саек су тасқынынан қаза тапқандар санының 70-ке, жараланғандар санының 56-ға жеткенін хабарлады.
Саек 2500-ден астам үйдің қирағанын немесе зақымдалғанын, 2000-нан астам жануарлардың қырылғанын және 95 мың гектар ауылшаруашылық алаңының үлкен шығынға ұшырағанын мәлімдеді. Синоптиктер тағы төрт күн жауын-шашын күтілетінін ескертті.
Ауғанстанда ауа райының жылынуымен қыс маусымында жауған қардың еруінен болатын су тасқыны, толассыз жауған жаңбыр және инфрақұрылымның жеткіліксіздігі жыл сайын жүздеген адамның қаза табуына әкелуде.
Ұқсас жаңалықтар
ИЫҰ саммиті 4-5 мамыры аралығында Гамбияда өтеді
Саммит «Тұрақты даму жолындағы диалог арқылы бірлік пен ынтымақты нығайту» тақырыбымен өтеді.
Израильдің Газа секторына шабуылдары жалғасуда
Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады.