Австралияда шағын моторлы екі ұшақ әуеде соқтығысты

Австралияда әуеде соқтығысып құлаған шағын моторлы екі ұшақтағы 4 адам қаза тапты.

1362419
Австралияда шағын моторлы екі ұшақ әуеде соқтығысты

Виктория полициясы тарапынан жасалған мәлімдемесіне қарағанда Мельбурн қаласының солтүстігіндегі Мангалор ауданы маңында екі екіден адам мінген екі шағын моторлы ұшақтың неліктен соқтығысқаны белгісіз.

Мангалор әуежайының шығысында жергілікті уақытпен азанғы сағат 11:25-те құлаған ұшақтағы 4 адам қаза тапты.

Оқиғамен байланысты басталған тергеу мен апатта қаза тапқан 4 адамның куәліктерін анықтау жұмыстарының жалғасқаны білдірілді.

Виктория полициясы апат жайлы Австралия Авиация қауіпсіздік департаменті лауазымдыларына мағлұмат берілгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар