Австралияны тышқан басты

Австралиядағы Веллингтон түрмесін тышқан басқандықтан 420 қылмысты мен қызметкер басқа бір түрмеге жолданады.

1662912
Австралияны тышқан басты

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында тышқан басқан бір түрме уақытша босатылуда.

Австралия баспасөзіндегі хабарларға қарағанда Веллингтон түрмесінің жауаптысы Питер Северин мөлшермен 420 қылмысты мен қызметкердің басқа бір түрмеге жолданатынын жариялады.

Питер Северин қылмысты мен қызметкердің денсаулығы басты тақырып екенін айтып,  түрменің тышқандардан тазалануы үшін босау керектігін білдірді.

Тышқандар түрмедегі сым жолдарын, төбедегі жабдықтарды кеміруі салдарынан қауіпсіздік мәселесі туылғаны хабарланды.

Тышқан басқан егістік алаңдарда 10 мыңдаған  долларлық заттық шығын болғаны да білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар