Азезде екі бірдей жарылыс

Екі азамат қаза тауып, бір адам жарақат алды.

1271776
Азезде екі бірдей жарылыс

Сирияның солтүстігінде Түркия шекарасындағы Азез ауданында бірінен соң бірі бомбалы шабуылдар болды.  Екі азамат қаза тауып, бір адам жарақат алды.

Әскери оппозицияның бақылауындағы Азез аудан орталығында және артынан ауданның шығысындағы Нидде ауылында бомбалы шабуылдар болды.

Аудан орталығында бір үйге орналастырылған жарылғыш жарылып,  бір адам қаза тапты.  Ниддеде болса бір көлікке орналастырылған бомба жарылып,  бір адам қаза тапты,  бір адам жарақат алды.

Шабуылдарға байланысты жергілікті қауіпсіздік күштері шараларды арттырды.

Террор шабуылдарын ешкім өз мойнына алмады.


Этикеттер: #шабуыл , #Азез , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар