Бейруттағы жарылыста 100 адам қаза тапты

Зардап шеккендердің арасында 2 Түркия азаматы да бар.

1467189
Бейруттағы жарылыста 100 адам қаза тапты

Ливан астанасы Бейрутта болған жарылыстан қаза тапқандар саны 100 адамға жетті.

Ливанның ресми NNA агенттігінің хабарлауынша, Бейрут портындағы жарылғыш заттар салынған 12-ші қоймада өрт шықты. Өрт салдарынан қатты жарылыс болды. Жарылыстың даусы елорда маңындағы аудандардан да естілді.

Оқиға салдарынан 100 адам қайтыс болды, 4 мыңнан астам адам жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында 2 Түркия азаматы да бар.

Жарылыста бұрынғы премьер-министр Саад әл Хариридің үйі, үкімет ғимараты, айналадағы ғимараттар, көшелер қирады.  3 қабатты ғимараттың қалдықтарының астында әлі де адамдар болғаны айтылуда.

Полиция бастығы  оқиғаның бұрын тәркіленген жарылғыш заттар салынған қоймада болғанын айтты.

Премьер-министр Хасан Дияб «Осы апатқа жауаптылардан есеп сұралады», - деді.

Елде ұлттық аза тұту жарияланды, сонымен бірге Қорғаныс кеңесі астана Бейрутты апат аймағы деп жариялады.

Бір қызығы, жарылыс Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Халықаралық Ливан соты Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рефик Харири (2005) қастандығына қатысты сот отырысында өз шешімін жариялайтын7 тамызға бірнеше күн қалғанда болған.



Ұқсас жаңалықтар