Беларусьте өлім жазасы атқарылады

Президент Александр Лукашенко Беларусь Жаза заңына өзгерістер енгізу құжатына қол қойды.

1828885
Беларусьте өлім жазасы атқарылады

Беларусь президенті Александр Лукашенко террорлық лаңкестік әрекет жасағандарды өлім жазасына кесетін заңға өзгерістер енгізуді мақұлдады.

Беларусь Ұлттық заң интернет-порталында жарияланған құжатқа сәйкес президент Александр Лукашенко Беларусь Жаза заңына өзгерістер енгізу құжатына қол қойғаны білдірілді.

Заң өзгерісінде халықаралық былықпалық немесе соғыс шығару мақсатымен шетел немесе халықаралық ұйымның өкілін өлтіруге талпынғандарға өлім жазасы беріледі.

Атом энергиясы базаларын қолданылу, радиоактивті материалдар немесе ядролық материалдар, химиялық немесе биологиялық агенттерді қолдану арқылы халықаралық терроризм актісін жасаған немесе террорлық әрекетке дайындалғандарға өлім жазасы беріледі.

Сонымен бірге лауазымдылардың шешім процесіне әсер жасау және халықты үрейлендіру үшін мемлекет пен ұйымдарға байланысты бір мемлекет қайраткеріне немесе қоғамға танымал кісілерді өтіруге ұрынғандар да өлім жазасы көлеміне кіреді.

Ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде атқарылатын Беларусь Жаза заңына өзгерістер енгізу құжаты осының алдында Парламенттің астыңғы және үстіңгі қанаттарында қабылданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар