Боливия мәжілісі Эво Моралестің отставкасын бекітті

Боливияда Көпұлтты заң шығарушы мәжілісі Эво Моралестің отставкасын бекітті.

1345145
Боливия мәжілісі Эво Моралестің отставкасын бекітті

Боливияда армия және оппозицияның қысымымен міндетін тастаған президент Эво Моралестің отставкасы, Боливия Көпұлтты заң шығарушы мәжілісінде бекітілді.

Мәжілісте Социалистік қозғалыс партиясы жетекшілерінің бірі Сенаторлар Мәжілісі төрайымы Эва Чопа басшылық жасаған отырыста 2 ай 11 күннен өткен соң президент Моралес пен вице-президент Алваро Гарсия Линераның отставкасы көпшілік дауыспен бекітілді.

Пікірталастар мен айқайларға сахна болған отырыста кейбір Социалистік қозғалыс партиясы депутаттары дауыстар санаққа алынған кезде заңсыздық болғанын алға тартса, кейбір Демократиялық Одақ партиясы өкілдері де отставканы бекітудің «уақытсыз және негізсіз» екенін алға тартып, отырысты тастап шықты.

Моралес алдында басшылық жасаған және елде 3 мамыр күші болып өтетін сайлаудың жауапкершілігін алған Социалистік қозғалыс партиясы Боливия Көпұлтты заң шығарушы мәжілісінде көпшілікті құрайды.



Ұқсас жаңалықтар