БҰҰ өкілі Хусимен кездесті

«Хусимен тиімді кездесуімде Худейде келісімінің орындалуы және саяси үрдіске қайта оралу тақырыбы қаралды» деді ол.

1257160
БҰҰ өкілі Хусимен кездесті

БҰҰ Йемен арнайы өкілі Мартин Гриффитс Сана қаласында хоуситтердің басшысы Абдулмелик әл Хусимен кездесті. Ол Стокгольм келісімінің орындалуына байланысты тиімді кездесу өткізгендерін білдірді.

«Хусимен тиімді кездесуімде Худейде келісімінің орындалуы және саяси үрдіске қайта оралу тақырыбы қаралды» деді ол.

Йемендік тараптар БҰҰ шеңберінде Швецияның Стокгольм қаласында 2018 жылдың 6-13 желтоқсан күндерінде тұтқын алмастыру,  Худейдеде бітім, порттар және Таизге байланысты келісімге қол қойған болатын.

Көп уақыттан бері саяси тұрақсыздыққа берілген Йеменде хоуситтер мен үкіметке қарасты күштер арасында қақтығыстар болуда. Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштері хоуситтерге қарсы Йемен үкіметіне қолдау беріп отыр.



Ұқсас жаңалықтар