БҰҰ Шейх Джеррахтағы қақтығыстарға алаңдағанын мәлімдеді

БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешісі Стефан Дюжаррик мәлімдеме жасады.

1663257
БҰҰ Шейх Джеррахтағы қақтығыстарға алаңдағанын мәлімдеді

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысының мәлімдемешісі Стефан Дюжаррик Иерусалимнің шығысындағы Шейх Джеррах аумағындағы соңғы оқиғалардан хабардар екендерін және сол жердегі зорлық-зомбылықтың өздерін қатты алаңдатқанын мәлімдеді.

Дюжаррик баспасөз жиналысында саяси және қоғам басшыларының қақтығыстарға, арандатушылық пен дұшпандық риторикаға қарсы тұруының маңызды екенін баса айтты.

Израильдегі радикал оңшыл көзқарастағы Діншіл сионисттер партиясы жетекшісі Бетзалел Смотрич кеше азанда Шейх Джеррах аумағына қасындағы ұшқары еврейлермен бірге шабуыл жасап, жер аудару қаупі төнген бір палестиналықтың үйіне басып кіруге әрекет жасады.

Израиль полициясы тарапынан қорғалған Смотрич сонымен қатар аумақтағы көршілес еврей қоныстанушылардың үйлеріне барса, палестиналықтар Смотричті арандатушы әрекет жасаумен айыптады.

Алдыңғы күні кешкі уақытта Шейх Джеррах аумағында палестиналықтар мен еврей қоныстанушылар арасында қақтығыс шығып, Израиль полициясының палестиналықтарға қарсы көз жасаурататын газбен операция жасаған және 7 адам жарақат алған еді.

Ораза айы басталған 13 сәуір күнінен бері әл-Ақса мешіті және айналасына қоса басып алынған Иерусалимнің шығысындағы Шейх Джеррах аумағына Израиль полициясының шабуылдары айтарлықтай шиеленістерге сахна болуда.



Ұқсас жаңалықтар