Буркина Фасода үш күндік ұлттық аза

Буркина Фасода 24 әскер қаза тапқан лаңкестікке байланысты үш күн ұлттық аза жарияланды.

1257344
Буркина Фасода үш күндік ұлттық аза

Буркина Фасода 19 тамыз күні 24 әскер қаза тапқан лаңкестікке байланысты үш күн ұлттық аза жарияланды.

Президент Каборе жарлыққа қол қойып,  әскери базаға жасалған лаңкестікте қаза тапқан 24 әскер үшін жұма күнінен жексенбі күніне дейін 72 сағаттық ұлттық аза жариялады.

Жарлықта үш күн бойы ел көлемінде байрақтардың жартылай түсірілетіні, топтық ойын-сауық пен тойларға тыйым салынғаны айтылды.

Сонымен қатар жоғалып кеткен бес әскердің тірі табылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар