ДАИШ-тік террористтер Киркук қаласында полицияға шабуылдады

Ирактың Киркук уәлаятында террор ұйымы ДАИШ тарапынан жасалған шабуылда 2 полиция қаза тапты.

1310794
ДАИШ-тік террористтер Киркук қаласында полицияға шабуылдады

Киркук полициясынан бір полиция офицерінің берген мағлұматына қарағанда Решад ауданында бір қауіпсіздік бекетіне жасалған шабуылда 2 полиция қызметкері қаза тапты.

Бір адам жарақат алған шабуылдың артынан террористтер оқиға орнынан қашты.

Ирак әкімшілігі 2017 жылдың желтоқсан айында террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы табысқа жеткендерін, террористердің бақылауындағы жерлердің толығымен кері қайтарылғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар