Электрондық темекіге тыйым

Министрлер кабинеті шешімді бекітті.

1271942
Электрондық темекіге тыйым

Үндістанның Қаржы министрі Нирмала Ситхараман кабинеттің электрондық темекіге тыйымды бекіткенін хабарлады.

Үндістан жергілікті баспасөзінде шыққан хабарларға қарағанда,  Қаржы министрі «Кабинет электрондық темекіге тыйым салуға рұқсат берді.  Бұл электрондық  темекінің өндірісі,  импорты және экспорты,  тасымалдануы,  сатылуы,  таратылуы,  сақталуы және жарнамалануына тыйым деген мағынаға келеді» деді.

Министр тыйым шешімінің тез арада күшіне енуі үшін Үндістан президентінің бекітуі керектігін айтты.

Денсаулықты сақтау министрі де электрондық темекі және осыған ұқсас жиһаздарды сақтағандарға алты айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілетінін немесе 700 доллар айыппұл төлейтінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар