Филиппиннің жаңа президенті ант ішті

Қазіргі президент Родриго Дутертенің қызы Сара Дутерте-Карпио 61.25 пайыздық дауыспен президенттің орынбасарлығына сайланды.

1850249
Филиппиннің жаңа президенті ант ішті

Филиппиннің жаңа президенті болып сайланған Фердинанд Маркос ант ішіп, елдің 17-ші президенті ретіндегі міндетін ресми түрде бастады.

BBC агенттігінің хабарлауынша, Фердинанд Маркос Ұлттық мұражайда ұйымдастырылған рәсімімен ант ішіп, міндетін бастады.

Филиппин астанасы Манилада ант беру рәсімінде 15 мыңға жуық қауіпсіздік қызметкері жұмылдырылды.

2016 жылғы сайлауда президенттің орынбасарлығы сайлауында Лени Робредодан жеңілген Фердинанд Маркос мамыр айындағы сайлауда 58 пайыздық дауыспен президент болып сайланды.

Фердинанд Маркос ел көлемінде 31 миллионнан астам дауыспен президент болып сайланды. Филиппин тарихында халықтың көп сандысының дауысымен сайланған президент болды.

Қазіргі президент Родриго Дутертенің қызы Сара Дутерте-Карпио 61.25 пайыздық дауыспен президенттің орынбасарлығына сайланды.

Сара Дутерте-Карпио 20 маусымда ант ішкен болатын.



Ұқсас жаңалықтар