Франция мен Алжирден Берлин конференциясына қолдау

Алжир Сыртқы істер министрі Букадум елге ресми сапармен келген француз әріптесімен бас қосты

1345037
Франция мен Алжирден Берлин конференциясына қолдау

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан мен Алжир Сыртқы істер министрі Сабри Букадум Берлин конференциясының қорытындысы бағытында Ливиядағы атысты тоқтатуға қолдау бергендерін жариялады.

Бас қосудың артынан ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында Ле Дриан "екі ел Ливияда тұрақты бір бітімді қамтамасыз ету үшін ортақ талпыныс ортаға қойып, тараптар арасында саяси келіссөздерді қайтадан бастауға тырысады" деді.

Букадум болса Алжир-Франция қарым-қатынастарын жоғары деңгейлі кеңес жиналыстары арқылы жаңа бір сатыға жеткізу тақырыбында Ле Дрианмен ортақ келісімге келгенін атап көрсетті.

Алжирлік министр сондай-ақ француз әріптесімен Берлин конференциясы қорытындысында Ливияда бітім үшін қолдау бергендерін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар