Франция террормен күресте "жедел шабуыл" дәрежесіне шықты

Францияда 1978 жылы қабылданған террормен күрес әрекет жоспары "қырағылық", шабуыл қаупі" және "жедел шабуыл" қатарлы үш сатыдан құралады.

1518314
Франция террормен күресте "жедел шабуыл" дәрежесіне шықты

Францияның Ницца қаласында пышақпен жасалған шабуылдан кейін премьер-министр Жан Кастекс террормен күрес жоспарын ел көлемінде "жедел шабуыл" дәрежесіне көтерді.  

Жан Кастекс шабуылдан кейін Ұлттық Мәжілістегі сөзінде террормен күрес жоспарын ел көлемінде "жедел шабуыл" дәрежесіне көтергенін айтты.

Осы аяда Франция үкіметі қажет болғанда жолдар мен метроларды жабады, білім беруге үзіліс жасайды, кибер шабуылдар және адамсыз әуе көліктеріне байланысты орналастыруларды тәртіпке салады.

Французшада "vigipirate" деп білінген және тұңғыш рет 1978 жылы қабылданған террормен күрес әрекет жоспары "қырағылық", шабуыл қаупі" және "жедел шабуыл" қатарлы үш сатыдан құралады. 

2016 жылы желтоқсанда қабылданған жедел шабуыл дәрежесі шабуыл қаупінде немесе шабуылдан кейін атқарылады.

Францияның Ницца қаласындағы шіркеу маңында бір адам пышақпен шабуыл жасап 3 кісіні өлтірген, көптеген адамды жаралаған болатын.

Шабуылшы ұсталды. Франция Террормен күрес прокуратурасы оқиға жайлы тергеу бастады.



Ұқсас жаңалықтар