Германияда бас орамал таққан жүкті әйелге шабуыл

Германияның бас қаласы Берлинде бір еркек бас орамал таққан жүкті әйелдің ішіне жұдырықпен ұрды.

1167007
Германияда бас орамал таққан жүкті әйелге шабуыл

Берлин полициясы жасаған мәлімдемеде 41 және 47 жасар екі әйелдің балаларымен Неукельн теміржолы вокзалында жүрген кезде төбетін өздеріне қарай бағыттаған бір адаммен дауласқанын атап көрсетті.

Мәлімдемеде аталмыш адамның бас орамалдары себепті әйелдерді сөзбен сыбағаны, 41 жасар жүкті әйелдің ішіне жұдырықпен ұрғаны, шабуылдаушының 47 жасар әйелдің де бетіне жұдырықтан ұрған кезде әрен құтылғаны білдірілді.

Шабуылдаушының оқиға орнынан қашып кеткені атап көрсетілген мәлімдемеде денсаулық сақтау топтары жүкті әйелді тексеру үшін ауруханаға апарды. Полицияның оқиғамен байланысты тергеуі жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар