Германияда бір мешітке шабуыл жасалды

Германияның Гессен провинциясындағы Кассель қаласында бір мешітке шабуыл жасалды.

1829751
Германияда бір мешітке шабуыл жасалды

Еуропа Түрік ислам одағына қарасты Кассель түрік мәдениет орталығы және Қожа Ахмет Ясауи атындағы мешітке жергілікті сағат бойынша 03.10-де шабуыл ұйымдастырылды. Шабуыл салдарынан ғибадатхананың әйнектері мен қабырғалары зақымдалды. 

Еуропа Түрік ислам одағы төрағасы Дурмуш Йылдырым жасаған жазбаша мәлімдемесінде мешітке жасалған шабуылды айыптады. 

Йылдырым " Мұсылмандардың ғибадат орындары шабуылдарға душар болуда. Бұл тақырыпта баршаны байсалды болуға шақырамын. Жасалған шабуылды қатал түрде айыптаймыз. Қылмыстылардың тезірік анықталуын талап етеміз" деген сөздер қолданды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар