Германиядағы шабуылда 5 түрік азаматы барлығы 9 адам қаза тапты

Германияның Ханау қаласында жасалған қарулы шабуылда 9 адам қаза тапты.

1362851
Германиядағы шабуылда 5 түрік азаматы барлығы 9 адам қаза тапты

Германияның Ханау қаласында жасалған қарулы шабуылда 9 адам қаза тапты.

Түркияның Германиядағы өкілетті және төтенше елшісі Али Кемал қаза тапқандар арасында 5 түрік азаматы бар екенін атап көрсетті.

Германия Федералдық прокуратурасы жергілікті уақытпен сағат 22:00-де жасалған шабуылмен байланысты дәлелдердің радикал оңшылдарды көрсеткенін жариялады.

Шабуылдың себебінің «шетел дұшпандығы» екенін растаған Ішкі істер министрлігі оқиғаны «террор шабуылы» деп бағалады.

Шабуылды жасаған екі адамның мәйітінің үйінде табылғанын мәлімдеген лауазымдылар өлген адам санын 11 болып жариялады.

Неміс «Bild» газеті болса шабуылдаушылардың бірінің атын Тобиас Р. деп жариялап, радикал оңшыл көзқарасқа ие екендерін атап көрсетті.

Полицияға қарағанда Тобиас Р. мәйіті табылған үйде оқиғаның жауапкершілігін мойындаған бір хат пен бейне көрініс қалдырған.



Ұқсас жаңалықтар