Германиядағы украиндар Түркиядан көмек сұрады

Олар Түркияның Германиядағы елшілігі алдына жиналды.

1828817
Германиядағы украиндар Түркиядан көмек сұрады

Германияда өмір сүретін украиндар елдеріндегі бейбіт халықтың эвакуациясы үшін Түркиядан көмек сұрады.

Түркияның Германиядағы өкілетті елшілігіне келген 200-ден астам украин азаматы түрік тілінде ұран салды. Олар «Түркия Мариуопольді құтқар» деп ұрандады. Украиндар аталмыш қаладағы әскерилер және бейбіт халық үшін президент Режеп Тайып Ердоғаннан көмек сұрады.

«Түркия - мықты ел, қауіпсіздікті қамдап, эвакуацияны жүзеге асыра алады» деді олар.



Ұқсас жаңалықтар