Грекияның жаңа президенті - Екатерина Сакелларопулу

Грекия парламенті Мемлекеттік Кеңестің төрайымы Екатерина Сакелларопулун жаңа президенттікке сайлады.

1345430
Грекияның жаңа президенті - Екатерина Сакелларопулу

Грекия парламиенті премьер-министр Кирякос Мичотакис жетекшілік жасаған Жаңа Демократия Партиясының (ND) үміткері, Мемлекеттік Кеңестің төрайымы Екатерина Сакелларопулун президент болып сайлады.

Жалғыз үміткер ретінде ұсынылған Сакелларопулу 300 орындықты парламентте 261 депутаттың қолдауын алды.

Оппозиционерлер үміткер көрсетпеген сайлауда Демократиялық партияға қоса Радикал солшыл одақ партиясы (СИРИЗА) және Өзгеріс қозғалысы партиясы (КИНАЛ) «қабыл» дауысы берсе, Сакелларопулуның үміткерлігіне қарсы шыққан Грекия коммунистік партиясы, Грекия шешімі партиясы және Қаржы министрі Янис Варуфакис басшылық жасаған «Мера25» партиясы депутаттары «қалыс» қалды.

Салоникиде 1956 жылы дүниеге келген Грекияның жаңа президенті Сакелларопулу Афины Университеті Заң факультетін бітірген соң Францияда Сорбонна  Университетінде атазаң және басқару құқығы саласы бойынша магистратурасын қорғады.

Сакелларопулу 1982 жылы Мемлекеттік Кеңеске хатшы болды және 2018 жылы Мемлекеттік Кеңес басшылығына тағайындалды.



Ұқсас жаңалықтар