Идлибтегі шабуылдарда 50 адам қаза тапты

Шабуылда 2 мектеп, 2 азаматтық қорғаныс орталығы және 6 елді мекен бомбаланды.

1344875
Идлибтегі шабуылдарда 50 адам қаза тапты

Идлибтегі шабуылдарда 50 адам қаза тапты.

Сирияның Идлиб аймағында жарияланған атысты тоқтату келісіміне қарамастан Асад режимі, Иран қолдауындағы террорист топтар және Ресейдің шабуылдары жалғасуда.

Атысты тоқтату келісімі жарияланған 12 қаңтардан осы таңға дейін жасалған шабуылдарда 50 адам қаза тапты, 31 мың  500 адам қоныс аударды. Сонымен қатар Идлиб дағдарысты азайту аймағына Ресей 232, Асад режимі 89 әуе шабуылы ұйымдастырды.

Шабуылда 2 мектеп, 2 азаматтық қорғаныс орталығы және 6 елді мекен бомбаланды.

Шабуылдарда 13-і бала,  3-і әйел, біреуі азаматтық қорғаныс қызметкері жиыны  50 адам қаза тапты.

Шабуылдардан қашып. Түркия шекара желісіндегі  лагерьлер маңы мен «Евфрат қалқаны» және «Зәйтүн бұтағы» операциясы аймақтарына қоныс аударғандар саны 31 мың  500-ге ұласты.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар