Еуропаға 6.3 миллион украиналық кірді

Польшаға 3.4 миллион, Румынияға 1.8 миллион, Ресейге 614 мың 318, Венгрияға 650 мың, Словакияға 420 мың босқынның өткені хабарланды.

1829382
Еуропаға 6.3 миллион украиналық кірді

Ресей шабуылынан кейін өз елдерін тастап, Еуропа Одағы елдеріне кеткен украиналықтардың саны 6,3 миллионға жетті.

Еуропалық Одақтың шекараны қорғау агенттігі Frontex мәлімдемесіне сәйкес украиналықтар ЕО елдеріне өз елімен бірге Молдавиядан да барды.

Мәлімдемеде ең көп уакраиналық босқын Польшаға барған.

Польшаға 3.4 миллион, Румынияға 1.8 миллион, Ресейге 614 мың 318, Венгрияға 650 мың, Словакияға 420 мың босқынның өткені хабарланды.

Соңғы кезде Украинаға кіргендер де артқан. 24 ақпанда соғыс басталғаннан бері елге 2 миллион адам кірген. Мұның жартысы Украина азаматы.

Соңғы 10 күнде Еуроодақ шекарасынан Украинаға кіргендердің саны күндік орташа 32 мыңға жеткен.

Украина азаматтары Еуропа Одағы елдеріне визасыз кіреді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуыл бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар