Йемендегі шабуылда 4 кісі мерт болды

Йеменнің астанасы Сана қаласында Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштерінің ұйымдастырған әуеден шабуылында 4 кісі мерт болды, 48 адам да жараланды.

1202787
Йемендегі шабуылда 4 кісі мерт болды

Йеменнің астанасы Сана қаласында Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштерінің ұйымдастырған әуеден шабуылында 4 кісі мерт болды, 48 адам да жараланды.

Шекара танымайтын дәргерлердің Йемендегі бөлімшесінен жасалған мәлімдемеге қарағанда, коалиция күштеріне қарасты ұшақтардың астана Санаға әуеден шабуыл жасағаны білдірілді.

Мәлімдемеде шабуылда мерт болған 4 кісі мен жарақат алған 48 адам астана Санадағы емханаға жеткізілген. 

Ұзақ уақыттан бері саяси тұрақсыздық жалғасып келе жатқан Йеменде хусилер 2014 жылы қыркүйектен бері астана Сана мен кейбір аймақтардың басқаруын қолға алды. 

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері 2015 жылы наурыздан бері хусилерге қарсы Йемен үкіметіне қолдау беруде. 



Ұқсас жаңалықтар