Йемендегі шабуылда 6 кісі мерт болды

Қорғаныс министрі Макдиси жарылыстан аман құтылған, көліктердегі 6 кісі қаза тапқан.

1362749
Йемендегі шабуылда 6 кісі мерт болды

Йеменнің Мариб уәлаятында Қорғаныс министрі Мұхаммед әл-Макдисидің көлігін қамтыған көліктер қатары өткен кезде жасалған бомбалы шабуылда 6 кісі қаза тапты. 

Армия хабар көздерінің білдіруіне қарағанда  Мариб қаласының батысындағы Сирвах ауданында хоусидтер тарапынан жолға орналастырылған бомба Макдисидің көлігі өткен кезде жарылған.

Қорғаныс министрі Макдиси жарылыстан аман құтылған, көліктердегі 6 кісі қаза тапқан.

Йеменнің батысындағы Мариб уәлаятының Сирвах ауданы хоусидтердің басқаруында.

Хоусидтер 2019 жылы 29 қазанда Қорғаныс министрі Мұхаммед әл-Макдисиге қастандық жасау талпынысында болып, зымыранмен шабуылда 2 әскер қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар