Иракта диқандардың дәнді-дақылдары өртеніп кетті

Ирактың Дияла провинциясында диқандардың дәнді-дақылдары өртеніп кетті.

1203347
Иракта диқандардың дәнді-дақылдары өртеніп кетті

Иракта диқандардың дәнді-дақылдары өртеніп кетті.

Ирактың Мосул аймағынан кейін енді Дияла провинциясында диқандардың дәнді-дақылдары өртеніп кетті.

Ирак баспасөздерінде орын алған хабарларға қарағанда Дияла провинциясының Ханекин ауданындағы бидай атызында түнгі уақыттарда белгісіз себептен өрт шықты.

Қысқа уақыт ішінде өршіген өрт жүздеген гектар дәнді-дақылдарды күлге айналдырды.

Өртті сөндіру үшін аймақтағы барлық диқандар атсалысты.

Дияладағы өрттің себептері әлі белгісіз. Алайда террор ұйымы ДАИШ-тен  күдіктенуде.

ДАИШ сейсенбі күні Моусл провинциясында өздеріне ақша төлемеген диқандардың дәнді-дақылдарын өртеп жіберген еді.


Этикеттер: #Ирак , #диқан , #Мосул , #өрт

Ұқсас жаңалықтар