Иранда 2 адам коронавирус эпидемиясынан қайтыс болды

Иранда кеше алғаш жаңа коронавирус оқиғасы тіркелді.

1363192
Иранда 2 адам коронавирус эпидемиясынан қайтыс болды

Иранның Құм қаласында жаңа тип коронавирус (Covid-19) эпидемиясы салдарынан 2 адам қайтыс болды. Оқиғаның артынан президент Хасан Руханидің тапсырмасымен «Коронавирус эпидемиясымен күрес  орталығы» құрылды.

Үкімет мәлімдемешісі Али Ребии твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде Руханидің тапсырмасымен құрылған орталықта денсаулық сақтау, ішкі істер, туризм және қатынас министрліктеріне қоса қарулы күштер өкілдерінің қызмет атқаратынын білдірді.

Иран Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық қатынастар департаментіне жауапты Киянуш Джиханпур Құм қалалық ауруханасына тыныс жолдары ауруымен барған 2 адамның медициналық бақылауға алынғанын атап көрсетті. Джиханпур алынған анализдер нәтижесінде коронавирус жұққаны анықталған 2 Иран азаматының кеше қайтыс болғанын мәлімдеді.

Иран Мемлекеттік телеарнасы коронавирус құрбандарының Қытайға еш бармағанын және Құм қаласы тұрғыны Иран азаматтары екенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар