Иранда ауа ластығы себепті мектептер жабылды

Иранның бас қаласы Тегеранда ауаның ластануына байланысты бүгін бастауыш және орта мектептер жабылды.

1828811
Иранда ауа ластығы себепті мектептер жабылды

Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша Тегеран әкімінің орынбасары Абид-Мелеки ауаның ластануы және қабылданған шаралар туралы мәлімдеме жасады.

Мелеки ауаның ластануы бойынша төтенше жұмыс тобының отырысына сілтеме жасай отырып «Антисанитарлық жағдайға байланысты шаң-тозаңның келуі және ауаның ластану себепті бүгін Тегеран провинциясындағы барлық мектептер жабылады, бірақ университеттер мен мекемелер ашық болады» деді.

Ауаның ластануының жоғары болуына байланысты кеше Тегеран провинциясындағы барлық мектептер, мекемелер мен университеттер жабылды.

Қаланың ауа айналымына және халық санының көптігіне қоса, ескі үлгідегі көліктер мен жиі қолданылатын мотоциклдерден шығатын газдар Тегерандағы ауаның ластануын арттыратын басты факторлар болып табылады.

Әлемдегі ауа ластығы рейтингінде алғашқы 3 қаланың қатарына енгені білдірілген Тегеранда мектептерде оқу үдерісі жиі үзіледі.



Ұқсас жаңалықтар