Қытай мен АҚШ арасындағы кірбеңдік екі елге зиян келтіреді

Қытай премьер-министрі Ли Кэцян "Қытай мен АҚШ-тың ынтымақтастығы екі ел үшін де пайдалы".

1425388
Қытай мен АҚШ арасындағы кірбеңдік екі елге зиян келтіреді

Қытай премьер-министрі Ли Кэцян Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынастарында кейбір кірбеңдіктердің  болғанын білдіріп, "Қытай мен АҚШ-тың ынтымақтастығы екі ел үшін де пайдалы. Қақтығыс тек екі елдің мүддесіне зиян тигізумен қатар барша әлем қарым-қатынастарына да зиян тигізеді" деді.

Ли Кэцян астана Пекинде баспасөз жиналыс ұйымдастырып, мәлімдеме жасады. 

Қытай мен АҚШ-тың қазіргі қарым-қатынастарында кейбір кірбеңдіктердің болғанын түсіндірген Ли екі ел қарым-қатынастарының өте маңызды екенін, экономика, сауда, ғылым және мәдениет сынды салаларда ортақ мүдделердің болғанын еске салды. 

Ли Кэцян соңғы кезеңде екі ел арасында пайда болған "қырғи қабақ соғыс" пайымдауларына байланысты "Біз қырғи қабақ соғысты жақтамай келдік. Екі елдің экономикалық қарым-қатынастарының бұзылуы пайда әкелмейді, үлкен зиянға апарып соғады" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар