Қытайда жан саны азаюда

Қытайда жан саны 2020 жылы 480 мың артып, жыл соңында мөлшермен бір миллиард 412 миллион 600 мыңға жетті.

1763766
Қытайда жан саны азаюда

Қытайда жан санының арту жылдамдығы 1960 жылдардың басында 30 миллион адам қаза тапқан аштықтан бергі ең төменгі дәрежеге түсті.

Ұлттық Статистика ұйымының санағына қарағанда Қытай құрлығындағы 31 уәлаят пен аймақтың жан саны 2020 жылы 480 мың артып, жыл соңында мөлшермен бір миллиард 412 миллион 600 мыңға жетті.

Елде туыт мөлшері мыңда 7.52 пайыз, өлім мөлшері мыңда 7.18 пайыз болып, жан санының артуы 0.34 пайызға төмендеді.

Арту мөлшері Қытай Халық Республикасының құрушысы Мао Цзэдун басшылығында ауыл шаруашылығында ұйымдасу мен ауылдағы байлықтарды өнеркәсіптендіруді негіз еткен «Үлкен секіріс» дәуірінен бергі ең төменгі дәрежеге түсті.

Аталмыш саясат атқарылған 1958-1962 жылдардағы ашаршылық себепті 30 миллион адам қаза тапқан,  осы себепті жан санының артуы 1960 жылы мыңда 4.5 пайызға дейін төмендеген болатын. 



Ұқсас жаңалықтар