Хафтерге қарасты күштер Триполи портына шабуылдады

Ливия Порттар дирекциясы шабуыл жасалған портта түрік кемесі жоқ екенін мәлімдеді.

1362160
Хафтерге қарасты күштер Триполи портына шабуылдады

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) алдында заңды Ливия Ұлттық Үкіметіне қарасты Ливия Порттар дирекциясы зымыран шабуылы жасалған бас қала Триполидегі портта кезкелген бір түрік кемесінің аялдамағанын жариялады.

Орталығы Ливиядағы «Panaroma» теледидары Порттар дирекциясына сілтеп елдің шығысындағы Халифа Хафтерге қарасты қарулы топтардың түстен кейін зымыран шабуылы жасағанын, Триполи портында түрік кемесі болмағаны жариялады.

Хабарда тек қана азаматтық мақсатты қолданылған портта кезкелген бір әскери оқ-дәрі болмағаны атап көрсетілді.

Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері қолдау берген кейбір телеарналар портқа жасалған шабуылда Ливияға қару-жарық тасымалдаған түрік кемесін атқанын алға тартқан еді.

Хафтерге қарасты күштер жасаған шабуылда Триполи портындағы кейбір сауда кемелеріне зиян келгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар