Хоффман Сирия режимі жайлы мәлімдеме жасады

Джонатан Хоффман халықаралық ұйымның шабуылдарды доғару үшін Сирия режиміне қысым жасау керектігін айтты.

1362800
Хоффман Сирия режимі жайлы мәлімдеме жасады

Хоффман Сирия режимі жайлы мәлімдеме жасады.

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Джонатан Хоффман халықаралық ұйымның шабуылдарды доғару үшін Сирия режиміне қысым жасау керектігін айтты.

Хоффман АҚШ Бас штаб басқармасы мәлімдемешісі генерал-майор Уиллияммен Пентагонда ортақ баспасөз жиналыс өткізді.

Идлибтегі соңғы оқиғаларға байланысты бір сұраққа жауап берген Хоффман  Пентагонның Сирия тақырыбындағы тұғырының өзгермегенін және Сирияда нақтылы шешімнің саяси болуы керектігіне сенгенін түсіндірді.

Хоффман былай деді: «Асадтың өз халқына жалғасты шабуыл жасағанын көрудеміз. Идлибтегі шабуылды байқап отырмыз. Орыстар мен түріктердің осы салада кең көлемді бір соғысқа кіруге жақындағандарын көрудеміз. Бұларды болдырмауы үшін бір саяси шешім табатындарына сенемін. Халықаралық ұйымның шабуылдарды доғару тақырыбында Сирия режиміне қысым жасау керек» деген сөздер қолданды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар