Хоуситтер Израильдің бір кемесін атқандарын хабарлады

Хоуситтердің әскери мәлімдемешісі Израильдің «MSC Darwin» атты кемесін атқандарын мәлімдеді.

2132361
Хоуситтер Израильдің бір кемесін атқандарын хабарлады

Йеменде биліктегі хоуситтер Аден шығанағында Израильдің бір кемесін атқандарын хабарлады.

Хоуситтердің әскери мәлімдемешісі Яхья Сери теледидарда сөйлеген сөзінде Аден шығанағында Израильдің «MSC Darwin» атты кемесін зымырандар және пилотсыз әуе көліктерімен нысанаға алынғандарын және мақсаттарына жеткендерін атап көрсетті.

Сери Израильдің оңтүстігіндегі Эйлат жағалауындағы нысандарға да зымырандық шабуыл жасалғанын білдірді.

Хоусит күштерінің Қызылтеңіз, Оман теңізі, Үнді мұхитында Израиль және осы елмен байланысы барлардың сапарларына кедергі жасауды жалғастыратынын атап көрсеткен Сери «Жау Израильдің басқыншылық астындағы Палестинадағы нысандарына қарсы әрі қарай әскери операция жасауды жалғастырамыз. Палестина халқына қолдау көрсету операцияларымыз Израиль агрессиясын доғарып, Газа секторындағы қоршау жойылмайынша тоқтамайды» деді.

Иран қолдау берген хоуситтер Израильдің Газа секторына 7 қазан күні басталған шабуылдарына наразылық сылтауымен 31 қазан күнінен бері Йемен жағалауында израильдік компаниялармен байланысы бар коммерциялық кемелерді басып алып, кейбіріне пилотсыз әуе көліктері және зымыранмен шабуыл жасайды.

Хоуситтердің іс-әрекеттерінің артынан көптеген кемемен жүк тасымалдау компаниясы Қызыл теңіздегі саяхатын тоқтатуға шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар