Конгода эбола індеті

Эбола індетінен қайтыс болғандар саны 370-ке жетті.

1129902
Конгода эбола індеті

Конго Демократиялық Республикасының шығысында өткен жылы шілде айында басталған эбола індетінен қайтыс болғандар саны 370-ке жетті.

КДР Денсаулықты сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда,  Солтүстік Киву штатында басталған індетте оқиға саны 685-ке жетті. Осы кісілердің 636-сында эбола вирусы анықталды.

Індетте 370 адам қайтыс болды.  191 адам ауруханада бақылауда.

Вирус тасымалдаушы 245 адам болса толығымен сауығып кетті.

Аймақта 8 тамыз күні басталған акция шеңберінде 63 мың 61 адамға вакцина егілді.

Эбола індеті бірінші рет 1976 жылы Суданда және Конгода бір уақытта басталды. Конгодағы індет Эбола өзеніне жақын бір ауылда басталғандықтан ауруға осы өзеннің аты берілді.



Ұқсас жаңалықтар