Коронавирустан қайтыс болғандар саны - 2005

Ухан ауруханасының бас дәрігері қайтыс болды.

1362072
Коронавирустан қайтыс болғандар саны - 2005

Қытайда жаңа типтегі коронавирус (Covid-19) эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 2005-ке жетті.

Қытай Ұлттық денсаулық комитетінің хабарламасына қарағанда,  елде нақтыланған оқиға саны- 74 мың 185. Олардың  11 мың 977-інің жағдайы ауыр.

Қытай Мемлекеттік телеарнасы Ухан ауруханасының бас дәрігері Лиу Зимингтің вирустан қайтыс болғанын білдірді.

Осы айдың басында коронавирусқа назар аударған дәрігер Ли Уенлианг, бейсенбі күні бір аурухананың бұрынғы басшысы Ху Депу вирусқа байланысты симптомдардан қайтыс болған еді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш коронавирус эпидемиясындағы жағдайдың әзірге бақылауда екенін, алайда медициналық деңгейі жетілмеген Африка құрлығындағы кейбір елдерге тарауына алаңдайтындарын тілге тиек етті. «Риск өте жоғары және әлем ретінде бұған дайын болуымыз керек.  Бүкіләлемдік Денсаулық ұйымы осындай жағдайда қалай қозғалу керектігі жөнінде жұмыстануда» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар