Либерияда мектепте шыққан өртте 30 кісі мерт болды

Құран Кәрім оқытатын мектеп-интернатта шыққан өртте кемінде 30 кісі қаза тапты.

1272150
Либерияда мектепте шыққан өртте 30 кісі мерт болды

Батыс Африка елдерінен Либериядағы бір жатақты мектепте шыққан өрт апатқа себеп болды. 

Пайнесвилледе Құран Кәрім оқытатын жатақты мектепте шыққан өртте кемінде 30 кісі қаза тапты.

Балалардың Құран Кәрім үйреніп жатқан кезінде өрт шыққаны білдірілді.

Өрт сөндіру тобының жұмысының жеткіліксіз болуы өрттің өршуіне себеп болған.

Мектептегі өрттің шығу себебі әлі анық емес.

Өрт апатына байланысты тергеу жалғасуда.

Либерия президенті Джордж Веа өрттен кейін жасаған мәлімдемесінде құрбандардың отбасына көңіл айтты.

Президент Джордж Веа мәлімдемесінде

"Пайнесвилледе шыққан өртте қаза тапқан балалардың отбасына көңіл айтамын. Бұл әрі еліміз Либерия, әрі құрбандардың отбасы үшін ауыр бір күн болды. Жақындарынан айырылған баршаға көңіл айтамын" деді. 



Ұқсас жаңалықтар