Әлем мемлекеттері Ливанға ынтымақтастық шақыруы тастауда

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Ливан халқына көңіл айтты

1467238
Әлем мемлекеттері Ливанға ынтымақтастық шақыруы тастауда

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ливанның бас қаласы Бейрутте 100 адамның қаза табуына себеп болған жарылыстың артынан құрбандардың жанұяларына, Ливан үкіметі мен халқына көңіл айтты. 

БҰҰ Бас хатшы мәлімдемешісі Фархан Хак жасаған мәлімдемеде «Бас хатшы Антониу Гутерреш Бейруттегі қорқынышты жарылыстарда қаза тапқандардың жанұялары, Ливан үкіметі және халқына көңіл айтады» делінді. 

Гутеррештің жарылыста жарақат алғандарға жедел шипа тілегенін атап көрсеткен Хак оқиғада Бейрутте қызмет атқарған кейбір БҰҰ қызметкерлерінің де жарақат алғанын білдірді. 

Хак «БҰҰ бұл қиын кезеңде Ливанға қолдауын жалғастырады, бұл оқиғада белсенді түрде Ливанға көмектесуде» деді. 

АҚШ президенті Дональд Трамп болса Ақ Үйдегі баспасөз жиналысына Ливандағы шабуылға қатысты мәлімдемесімен бастап, «Біз жәрдем үшін осында боламыз. Бұл қорқынышты бір шабуыл сияқты көрінеді» деді. 

Трамп бір журналисттің сұрағына қайтарған жауабында «Кейбір генералдарымызбен сөйлестім. Олар мұның бір шабуыл екенін ойлаған сияқты. Бұл өндірістік бір жарылысқа ұқсамайды» деді. 

Мемлекеттік хатшы Майк Помпео болса Бейрутте болған жарылыста қаза тапқандар үшін көңіл айтып, АҚШ-тың Ливан халқына жәрдемге дайын екенін атап көрсетті.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы премьер-министрі Эрсин Татар жеделхатында «Ливан халқына көңіл айтамын, қаза тапқандарға Алланың рақымын, жаралыларға жедел шипа тілеймін» деді.

Еуроодақ Кеңесі төрағасы Шарль Мишель Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон және Франция президенті Эммануэль Макрон да ливандықтармен ынтымақтастық туралы хабарлама бөлісті.

Бельгия Бейруттегі өкілетті елшілігі ғимаратына жарылыста зиян келгені және кейбір қызметкерлердің жарақат алғанын жариялады.

Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф «дұғаларымыз Ливанның үлкен және мықты халқымен бірге» деген хабарлама жариялады.

Катар, Мысыр, Иордания, Ирак және Ливиядан да жәрдем ұсыныстары мен ынтымақтастық мәлімдемелері келді.

Катар Ливанға 2 жылжымалы аурухана, Ирак болса бір жылжымалы аурухана жолдайтынын жариялады.

Ливандағы Хизбулла ұйымы жарылысты «өкінішті бір апат» деп бағалады, бірлік пен ынтымақтастық шақыруы тастады.



Ұқсас жаңалықтар