Әлемде 41 миллион кісі аштық қаупінде

Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының 2020 жылғы санағы 43 елде 41 миллион адамның аштыққа дөп келгенін анықтады.

1662911
Әлемде 41 миллион кісі аштық қаупінде

БҰҰ Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының (WFP) атқарушы директоры Дэвид Бизли әлемде гуманитарлық жәрдем ала алмаған 41 миллион кісінің аштық қаупінде қалуы мүмкін екенін айтты.

Дэвид Бизли Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы Әкімшілік кеңесіндегі сөзінде 43 елде аштық тәрізді жағдайлар бар екенін, 41 миллион кісінің аштық қаупінде қалғанын білдірді. 

Дэвид Бизли:

"Аталған 41 миллион адамның аштыққа дөп келуде. Санаққа қарағанда бұл жағдай трагедия болып көрінгенімен, бұлар аты-жөні айқын, нағыз адамдар. Өте алаңдаудамын" деді.

Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының 2020 жылғы санағы 43 елде 41 миллион адамның аштық қаупінде қалғанын  анықтады.

Осы санды мәлімет қақтығыс, климат өзгерісі және экономикалық қиыншылықтар аштықты артырғанын, азық-түлік бағасына қысым жасағанын көрсетті.

Бағаның артуы Ливан, Нигерия, Судан, Венесуэла және Зимбабве елдерінде азық-түлікке сенімсіздікті арттырғанын көрсетуде.

Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы биыл аштыққа дөп келген 139 миллион адамға  жәрдем беруді нысанаға алуда.

Эфиопия, Мадагаскар, Оңтүстік Судан және Йеменде 584 мың кісі аштық шегуде. Нигерия, Буркина-Фасодағы жағдай уайым туғызып отыр.



Ұқсас жаңалықтар