Әлемде коронавирус көрсеткіштері

Коронавирустың жаңа түрі салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 704 мың 438-ден асты.

1467371
Әлемде коронавирус көрсеткіштері
süper covid
Süper Covid.jpg
Süper Covid-19.jpg

Коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 704 мың 438-ден асты. Вирус жұқтырғандар саны 18 миллион 708 мың 865-тен асып, жазылып кеткендер саны 11 миллион 925 мың 746-ға жетті.

160 мың 290 адам өлімімен, 4 миллион 918 мың 420 вирус жұқтыру оқиғасымен эпидемия ошағы болған АҚШ-та президент Дональд Трамп елі қайтыс болғандар саны бойынша бірінші орында тұрғанын айтты: «Адамдар өлуде, бұл рас. Бұл біздің қолымыздан келгеннің бәрін жасамаймыз дегенді білдірмейді. Пандемия біздің елімізде осыншама бақылауға алынады. Бұл өте ауыр оба» деді ол.  Ақ Үйдің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі О'Брайенның соңғы екі сынамасы «негатив» шығып, өз қызметіне қайта оралды.

Бразилияда соңғы 24 сағат ішінде 154 адамның қайтыс болуымен Ковид-19-дан қайтыс болғандардың саны 96 мың 96-ға, ал вирус жұқтырғандар саны 51 мың 603-ке артып,  2 миллион 808 мың 76-ға жетті.

Ковид-19-дан адам өлімі Мексикада соңғы 24 сағатта 857-ге көбейіп, қайтыс болғандардың жалпы саны 48 мың 869-ға жетті. Елдегі науқас саны 6 мың 148-ге көбейіп, вирус жұқтырғандар саны 449 мың 961 болды.

Эпидемияның Еуропадағы ошағы болған Ұлыбританияда вирустың салдарынан қайтыс болған адамдардың саны осы уақытқа дейін 46 299, ал жұқтырғандар  саны - 306 293 адам.

209 адам қаза тапқан Грецияда вирус жұқтырғандардың саны соңғы 24 сағатта 121-ге көбейіп, 4855-ке жетті. Жабық аудандардан басқа кеме палубалары сияқты кейбір ашық аумақтарда да бетперде тағу міндеттелді.

Вирустан қайтыс болғандардың саны Италияда 35 мың 171, Францияда 30 мың 296, Испанияда 28 мың 498, Канадада 8 мың 958 және Австралияда 247 адам болды.



Ұқсас жаңалықтар