Әлемде коронавирус

Коронавирус себебімен қайтыс болғандар саны әлем көлемінде 365 мыңнан асты.

1426037
Әлемде коронавирус

Коронавирус себебімен қайтыс болғандар саны әлем көлемінде 365 мыңнан асты.  Вирус жұқтыру оқиғасы 6 миллионға жақындап қалды.  Сауығып кеткендердің саны 2 миллион 635 мыңнан асты. 

103 мыңнан астам өлім-жітіммен эпидемияның орталығы болған Америка Құрама Штаттарында вирус әсер еткен Нью-Йоркта вирус жұқтырғандардың санының ресми деректерден он есе көп болуы мүмкін екені айтылды.  Денсаулық департаменті тарапынан жүргізілген зерттеу шеңберінде 15 мың адамнан қан анализі алынып,  антидене сынамасы жүргізілді. Осыған орай әрбір жеті кісінің бірінің, яғни сынама жасалғандардың 14 пайызының Covid-19 жұқтырып, жазылғаны анықталды. Қорытынды барлық халық санына мөлшерленгенде наурыз айының аяғына қарай Нью-Йоркта екі миллионнан көп адамның вирус жұқтырғаны білдірілді.  Ресми көрсеткіштерге қарағанда қалада қазірге дейін 376 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. 29 мыңнан астам адам болса қайтыс болды.  Нью-Йорк мэрі Эндрю Куомо болса 8 маусымға дейін қалыпты өмір арнасына бастау мүмкін екенін айтты. 

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда соңғы бір күнде 324 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 38 мың 161-ге жетті. Елде 2 мың 095 жаңа оқиға тіркеліп,  вирус жұқтырғандардың саны 271 мың 022-ге жетті. 

Италияда коронавирустан қайтыс болғандар саны 33 мың 229-ға жетті.  Соңғы бір тәклікте 516 жаңа оқиға тіркелді. 

Францияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 28 мың 714-ке, вирус анықталған кісі саны 224 мың 070ке жетті. 

Испанияда Covid-19-дан кеше екі адам қайтыс болды  Қайтыс болғандардың жалпы саны 27 мың 121, оқиға саны 238 мың 564 болды. Елде Денсаулық сақтау министрлігі мен 17 автономды аймақ үкіметінің деректері арасындағы айырмашылықтар жалғасуда. 

Аргентинада 510 адам қайтыс болды.  14 мың 702 адамға жұққан вирус үшін сақтық шаралары жалғасуда. Халыққа тек негізгі қажеттіліктерін алу үшін рұқсат беріледі. 20 наурызда жарияланған шаралар  7 маусым күніне дейін созылды.



Ұқсас жаңалықтар