Ливанда 40 жылға созылған дұшпандық аяқталды

Ливанның алдынғы қатарлы екі партия басшысы арасындағы дұшпандықтың аяқталғаны жарияланды.

1088384
Ливанда 40 жылға созылған дұшпандық аяқталды

Ливанның алдынғы қатарлы Маруни христиан қоғамы басшыларының бірі Ливан Күштері партиясы төрағасы Семир Джаджа мен Марада қозғалысы партиясы төрағасы Сүлейман Фаранджи 40 жылдан бері жалғасқан дұшпандықтың артынан дос болды.

Екі басшы арасындағы достық кездесуі Ливан Маруни патриархы Мар Бешара эр-Рай басшылығында бас қала Бейруттағы Бкерке шіркеуінде жүзеге асты.

Патриарх Рай осында жасаған мәлімдемеде осы бейбітшіліктің ел көлемінде ұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бастама болатынын атап көрсетті.

Патриарх Рай Джаджа мен Франджи арасында жүзеге асқан үштік кездесудің артынан Ливан күштері партиясы мен Марада қозғалысы партиясы тарапынан және Метрополит Джозиф Неффа оқыған ортақ мәлімдемеде «Өткеннің қайғылы кездерін артта қалдырып, болашаққа бет алғанымызды жариялаймыз» делінді.

Джаджа мен Франджи арасындағы келіспеушілік елде болған ішкі соғыс кезеңінде Ливан Кетаиб партиясының әскери қанаты Ливан күштері ұйымының 1978 жылы 13 маусым күнгі шабуыл нәтижесінде пайда болған Ихден қырғынымен басталған еді.



Ұқсас жаңалықтар